Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU
ГлавнаяҚызмет көрсету

Регистрация абонентских устройств по IMEI

Құрылғыны тіркеу не үшін қажет?

Бұл «Байланыс  туралы» Заңның 36-2 бабынан туындайтын заң талабы.

 Заңға сілтеме:

http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z040000567_#z0

Бұл шара телефондардың ұрлану жағдайларын азайтуға көмектеседі деп күтіледі.

Қандай құрылғыларды тіркеу керек?

Сим-картасы бар кез келген құрылғы тіркеуден өткізілуі тиіс, соның ішінде: телефондар, смартфондар, планшеттер, модемдер, смарт-сағаттар және басқалары.

Бұл талап тек машиналарға бір-бірімен ақпарат алмасуға, не болмаса ақпаратты бір жақты тәртіпте таратуға және қабылдауға мүмкіндік беретін технологияны қолдануға арналған машина аралық әрекеттесу құрылғыларына (M2M) ғана қолданылмайды.

Тіркеу ережелеріне сілтеме:

http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017028

Абоненттік құрылғыларды тіркеу қалай өтеді?

2019  жылғы 1 қаңтарға дейін абоненттік құрылғыларды автоматты тіркеу жүзеге асырылады, бұл үшін:

  1. Бізде Сіздің дұрыс әрі толық тіркеу деректеріңіз бар екендігіне көз жеткізу керек (төменде қараңыз) немесе

  2. Өз ЖСН-ді 6914 нөміріне жолдау қажет.
Нөмір дұрыс тіркелгенін қалай тексеруіме болады?
-        *835#USSD-пәрмені арқылы
-        Жеке кабинет арқылы
-        Байланыс салонына бару арқылы

Мен өз құрылғымды қазір тіркей аламын ба және мұны қалай жасауға болады?

Құрылғыны тіркеу үшін, Байланыс салонына бармай-ақ,  тіркелетін құрылғыдан төменде көрсетілген кез келген әдіспен ЖСН жіберу жеткілікті:

1. ALTEL  нөмірінен 6914 қысқа нөміріне ЖСН жіберіңіз;

2. *6914*1# USSD-пәрменін теріңіз және шыққан мәзірге ЖСН енгізіңіз;

3. http://imei.altel.kz интернет-ресурсы арқылы ЖСН жіберіңіз.

ALTEL нөмірінен ЖСН алған кезде біздің автоматты түрде қызмет көрсету жүйеміз құрылғының IMEI кодын, оны пайдаланатын абоненттік нөмірді анықтайды және абоненттік нөмір дұрыс тіркелген жағдайда ЖСН, абоненттік нөмір және құрылғының IMEI сияқты үш параметрі бойынша құрылғыны автоматты түрде тіркейді.

Құрылғыны тіркемес бұрын сіз пайдаланатын абоненттік нөмір сіздің атыңызға тіркелгенін *835#USSD-пәрмені арқылы тексеру қажет.

Нөмір басқа тұлғаның атына рәсімделген жағдайда, не болмаса қате деректер көрсетілген жағдайда өзгерістер енгізу үшін, байланыс салонына жүгіну қажет.

Тіркеу ақылы ма?
Абоненттік құрылғыны тіркеу тегін жүргізіледі.
Өз атыма қанша құрылғыны тіркеуге болады?
Бір ЖСН-не абоненттік құрылғылардың кез келген санын тіркеуге болады. 
Бір құрылғыны қанша абоненттің атына (ЖСН) тіркеуге болады?
Абоненттік құрылғылар дербес қолдануды  болжайтындықтан,  әрбір құрылғыны тек бір иеленушінің атына (ЖСН) тіркеуге болады.
Егер мен бір құрылғыда бірнеше sim-картаны пайдалансам, онда құрылғыны қалай тіркеуге болады?

Бір құрылғыны барлық нөмірлеріңізбен пайдалану үшін бұл нөмірлер бір адамға, яғни, бір ЖСН-ға тіркелуі тиіс.

Құрылғыны сим-карталардың әрқайсысы бойынша бөлек тіркеу керек.

Егер мен бір sim-картаны ғана қолдансам, онда бірнеше құрылғыны қалай тіркеуге болады?
Егер екі симкалы құрылғыда тек бір сим-карта қолданылатын болса, онда құрылғыны тіркеу үшін, сим-картаны екі сим-слотқа кезек-кезегімен орнату керек.
Баланың құрылғысын қалай тіркеу керек?
Егер құрылғыны 14 жасқа толмаған бала пайдаланса, онда ата-анасы баласының құрылғысын өз ЖСН-не тіркеу керек.
Құрылғыны ауыстырған кезде, оны тіркеуден шығарып, жаңа пайдаланушының атына қайтадан тіркеу қажет пе?
Егер құрылғы басқа пайдаланушыға табысталса, онда құрылғыны табыстамас бұрын, оны тіркеуден шығару қажет. Құрылғыны тіркеуден шығару үшін, Байланыс салонына жеке куәлігіңізбен және тіркеуден шығарғыңыз келетін құрылғымен бірге бару қажет.

Иесі ауысқан кезде тіркелген құрылғыны қалай қайта тіркеуге болады?

Егер құрылғы басқа пайдаланушыға табысталса, онда құрылғыны табыстамас бұрын, оны тіркеуден шығару қажет. 

Құрылғыны тіркеуден шығару үшін, Байланыс салонына жеке куәлігіңізбен және тіркеуден шығарғыңыз келетін құрылғымен бірге бару керек.

Егер мен роумингте болсам, онда құрылғыны қалай тіркей аламын?
Егер құрылғы 2018 жылы автоматты түрде тіркелмесе (тіркеу деректері жеткіліксіз, ЖСН), онда Қазақстанға келгеннен кейін сізге құрылғыны тіркеу ұсынылатын болады.
Паншеттерді, модемдерді, рутерлерді қалай тіркей аламын?

Планшетті/модемді/роутерді тіркеу үшін, тіркелетін құрылғыдан http://imei.altel.kz интернет-ресурсына кіріп, арнайы өріске өз ЖСН енгізіп, «Жіберу» батырмасын басу жеткілікті.

ALTEL нөмірінен ЖСН алған кезде, біздің автоматты қызмет көрсету жүйеміз құрылғының IMEI  кодын және ондағы қолданылатын абоненттік нөмірді анықтайды да, абоненттік нөмір дұрыс тіркелген жағдайда, ЖСН, абоненттік нөмір және құрылғының IMEI коды сияқты үш параметр бойынша құрылғыны автоматты түрде тіркейді.

Ұялы сағаттарды қалай тіркей аламын?
Ұялы сағаттарды 2019 жылы тіркеу тәртібі туралы ақпаратты біз өз сайттарымызда жақын арада жариялайтын боламыз.
Сим-картамен жабдықталған автодабылдамаларды, қадағаларды, трекерлерді, төлем терминалдарын және т.б. тіркеу қажет пе?
Жоқ
Қандай жағдайларда абоненттік құрылғыны тіркеуден бас тартылуы мүмкін?

Абоненттік құрылғы басқа адамның атына тіркелген жағдайда.

Қазақстанның аумағында роуминг қызметтерін пайдаланатын абоненттерге құрылғыларды тіркеудің осы ережесі тарала ма?
Жоқ.
IMEI дегеніміз не?
IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл құрылғының дайындаушы-зауыт беретін  15-белгілі  халықаралық сәйкестендіру коды.
Егер құрылғы екі симкалы болса, онда тіркеуді қалай жүргізуге болады?

Әдетте екі симкалы құрылғының 2 әртүрлі IMEIкоды болады және олардың екеуін де тіркеу қажет.

 Егер екі симкалы құрылғыда бір IMEI болса, онда «телнұсқаланған» болып мойындалады және оны 2018 жылдың соңына дейін тіркеу қажет

a) Егер бірінші слотта ALTEL sim-картасы болса, ал екіншісі бос болса:

Егер екі симкалы құрылғыда бір ғана абоненттік нөмір пайдаланылса, онда екі IMEA өзіңіздің қолданыстағы нөміріңізбен бірге тіркеуге болады. Тіркеу үшін, sim-картаны бір слоттан екінші слотқа ауыстырып салу талап етіледі.

b) Егер бірінші слотта ALTEL sim-картасы, екінші слотта ALTL sim-картасы болса:

Егер екі симкалы құрылғыда екі түрлі нөмір пайдаланылса, онда екі IMEI де пайдаланылатын нөмірге байланысты тіркелуі тиіс. 

c) Егер бірінші слотта ALTEL sim-картасы, ал екінші слотта басқа оператордың sim-картасы болса:

Бірінші слоттың IMEI коды ALTEL sim-картасының тіркелген деректері бар ALTEL-де тіркеледі, екінші слоттың IMEI коды оператордың алгоритміне сәйкес басқа оператордың sim-картасының тіркелген деректері бар операторда тіркеледі.
Егер екі симкалы телефонда бір нөмір менің атыма, ал екінші нөмір компанияның атына рәсімделген болса, не істеу керек?

Құрылғы иесінің атына тіркелуі тиіс. Егер сіз біреуі сіздің атыңызға, екіншісі заңды тұлғаның немесе ЖК атына рәсімделген екі нөмір пайдаланылатын екі симкалы абоненттік құрылғының иесі болсаңыз, онда құрылғыны екі слоттан да (екі sim-картадан) өз ЖСН-ге тіркеуіңіз керек.

Егер құрылғы тіркелген болса, оған басқа абоненттің (күйеуінің, әйелінің, ағасының және т.б.) sim-картасын салған кезде, ол жұмыс жасай ма?

2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген құрылғы оған басқа абоненттің sim-картасын орнатқан кезде де жұмыс жасайтын болады.

Нөмірді басқа ұялы байланыс операторының желісіне (MNP) ауыстырған кезде, құрылғыны қайтадан тіркеу қажет пе?
Нөмірді басқа оператордың желісіне ауыстырған кезде, абоненттік нөмір өзгермейді. Егер ауыстырғанға дейінгі құрылғы пайдаланылса және абоненттік нөмірдің тіркеу деректері (ЖСН) өзгерсе, онда құрылғыны қайта тіркеу талап етілмейді.
Неліктен құрылғыдан *#06# пәрменін терген кезде алынатын IMEI кодтың таңбаларының саны *6914#*2# USSD-пәрмені арқылы қайтарылатын кодтың таңбаларының санына сәйкес келмейді?

Қосылғанда, құрылғы IMEI кодын желіге жібереді, онда оператордың желісінде техникалық рұқсат алу үшін тек алғашқы 14 сан ғана міндетті болып табылады, соңғы 15-ші сан - бұл есептік тексеру және ол берілмеуі немесе есепке алынуы мүмкін.

 

https://ru.wikipedia.org/wiki/IMEI

Жаңа абоненттерге

Жеке тұлғалар үшін өзімен бірге қандай құжаттар болу керек?
Жеке тұлғалар үшін: ЖСН-мен жеке куәлік
Өз телефон нөмірімді қалай білуге болады?
*802# сұранысын немесе 802 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберу керек.
Теңгерімді қалай білуге болады?
*111# сұранысын немесе 111 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберу арқылы, сондай-ақ 811 нөміріне қоңырау шалуға болады
Өз тарифімді қалай білуге болады?
*808# сұранысын немесе 808 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберу керек.
Трафик қалдығын қалай тексеруге болады?
Пакетте трафик қалдығын тексеру үшін телефоныңыздан *807# теріңіз немесе Жеке Кабинетте тексеріңіз
Бонустық шотты қалай білуге болады?
*807# сұранысын немесе 807 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберу керек.

Тарифтер және қызметтер

Жеке Кабинетке қалай кіруге болады?
1. https://cabinet.altel.kz парақшасына өту керек 2. Сіздің ALTEL 4G:GSM нөміріңізден 126 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберіп, парольді алуға болады. ЖК-ке парольді SMS арқылы алған кезде әр жіберу сайын жаңа пароль келеді. Бұл пароль ЖК соңғы кіруден соң 90 күн бойы сақталады. «Парольді e-mail - ге жіберу» сұранысын таңдаған кезде, ағымдағы пароль жіберіледі.
Конференц – байланысты қалай ұйымдастыруға болады?
Конференц-байланыс режимі бірнеше қатысушының сөйлесуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін конференция ұйымдастырушысына: 1. Бірінші абоненттің нөмірін теріп, жауапты күту; 2. Екінші абоненттің нөмірін теріп, шақыру батырмасын басу; 3. Екінші абоненттің жауабын алған соң, шақыру батырмасын қайта басу; 4. Тағы қатысушыны қосу үшін 2 және 3 қадамдарды қайталау керек; 5. Конференц-байланыс сеансын аяқтау үшін, өшіру батырмасын басу қажет. Конференц-байланыстың қатысушылары мобильді, бекітілген желіліердің абоненттері бола алады. Егер байланысты конференция ұйымдастырушысы аяқтаса, абоненттер арасында байланыс тоқтатылады. Бағасы: Әрбір қатысушымен байланысты ұйымдастырушы таңдалған бағытқа байланысты төлейді.

Интернет

Интернетті ортануды қандай баптаулар қажет?
SIM-картаны жана телефонға немесе смартфонға орнатқан кезде, АЛТЕЛ желіснің деректер тарату қызметін орнатудың автоматты баптаулары ұсынылады, ол баптауларды ұялы телефонда сақтап және іске қосу амал шарттарын жасау жеткілікті. Сонымен қатар, баптауларды алу USSD/SMS-командалар арқылы сұраныс жасау көмегімен алуға болады. Android ОП-гі кейбір телефондар баптауларды орнатудың растауын қажет етпейді. Яғни, SMS арқылы келген ескертуді, баптаулар жіберілді деп есептеу керек. Басқару *800# автоматты баптауларды қайта алу сұранысы немесе 800 нөмеріне жіберілген кез-келген мазмұндағы SMS, деректер тарату қызметін орнатудағы автобаптаулар сервисі тегін беріледі. *Автоматты баптауларды кей телефондар дұрыс қабылдамайды - толық жауап алу үшін АЛТЕЛ абоненттерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жылдамдықты қалай тексеруге болады?
Деректерді тарату қызметінің жылдамдығын тексеру үшін  http://www.speedtest.net/ru/ сайтын колдануды ұсынамыз және баптаулар ішінде басты сервер ретінде  Almaty ALTEL, Almaty Kazakhtelecom или Astana Kazakhtelecom таңдау қажет.
Менің үйім ғимараттың сенімді қабылдау аумағында, бірақ құрылғыда бөліктің 1/2 және жылдамдығы төмен.
Қамту туралы ақпарат сайтта мәлімет үшін берілген, олар мінсіз жағдайларда орта статистикалық деректерде негізделген, бұл барлық операторлар үшін стандартты тәжірибе болып табылады, өйткені әр нақты ғимаратта радиосигнал деңгейі түрлі факторларға себепші болады, оның ішінде ғимараттың және оның құрылымының ерекшеліктері. Осы себеппен бірде бір оператор желінің қамту аумағының кез келген жерінде тұрақты сигналды қамтамасыз етпейді, өйткені өзінің құрылымында радиотолқынның қатынауына кедергі ететін көп металлқұрылғыларымен ғимарат осындай орын болуы мүмкін.

Жеке кабинет

ALTEL мобильді қосымшасы

Әрекет ету аймағы

Пайдалы нөмірлер

Құрылғы реттеу

Остались вопросы?
Свяжитесь с нами!

611 - для абонентов ALTEL (бесплатно);
+7 700 8000880 - для звонков с других сотовых операторов РК (бесплатно для абонентов ALTEL);
8 8000 8000 11 - для сотовых операторов и городских номеров РК (бесплатно);
2 598 777 - для жителей города Алматы (бесплатно).

Кері байланыс

Мобильді алаяқтық

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ