Ресейде жүргенде байланыста болу амалы

Роумингтегі шектеулер туралы барлық сұраққа жауап бердік

Байланыс мүлде болмай ма?

Шығыс қоңыраулар

Кіріс қоңыраулар

Мобильді интернет

SMS

Қоңыраулар бұғатталмайды, ал SMS пен интернетті тек 24 сағаттан кейін пайдалана аласыз.

Бұғаттан бірден шығаруға бола ма?

Иә, ол үшін телефоныңыз қосылған ресей операторының тексеруінен өтуіңіз керек.

Оператор сізге бұғаттан шығаратын сілтемесі бар SMS жібереді. Желі жұмысында шектеу болса да, хабарлама келуі тиіс.

Алдымен Wi-Fi мен VPN өшіп тұрғанын тексеріп алыңыз. Кейін сілтемеге кіріп, капчадан өтіңіз — мұны интернетке қосылмай-ақ жасауға болады.

Телефон желіні автоматты түрде таңдамаса не істеу керек?

Желіге өз бетінше қосылуға болады.

1
Реттеулер бөлімін ашыңыз
2
«Қосылымдар» жолын басыңыз
3
«Ұялы желілер» жолын таңдаңыз
4
«Желі операторлары» жолын басып, SIM-картаны таңдаңыз
5
«Автоматты түрде таңдау» режимін өшіріп, T2 немесе МТС желісін таңдаңыз

Оператордан SMS келмесе, не істеу керек?

Төменде жазылған нөмір арқылы немесе сілтемеге өтіп, тексеруден өзіңіз өте аласыз.

Бұғаттау шешілген соң бәрі қалыпты жұмыс істей ме?

Иә, бірақ кейбір интернет-ресурстар мен қосымшаларға Ресейде кіре алмайсыз. Бұл да Ресейдің мемлекеттік органдарының талабы болғандықтан, бұл шектеулерге әсер ете алмаймыз.

Ары қарай байланыс қызметтерін пайдалану жолы

Сапарға шығар алдында теңгеріміңізді толықтырып, роуминг-пакетті қосып алғаныңызға көз жеткізіңіз.

Мини 7 күн

10 минут пен 1,5 ГБ — жергілікті SIM-картаны сатып алмай байланыста болу үшін тамаша шешім

Миди 15 күн

10 минут пен 4 ГБ — такси, карта мен мессенджерлерді пайдалануға жетеді

Макси 30 күн

10 минут пен 10 ГБ — интернетті еркін пайдаланасыз: карта мен мессенджерлерден бөлек, сериал қарап, музыка тыңдап, әлеуметтік желілерді парақтауға да жетеді

Гига 3 ай

25 минут пен 25 ГБ — ең көп ресурстар пакеті. Сапар кезінде байланыста болып, қызық сәттерді әлеуметтік желіде бөлісуге де жетеді

Егер басқа желіге қосылсам, интернет қайтадан істемей қала ма?

Иә, егер жаңа желіге қосылсаңыз, бәрі басынан басталады. Қоңыраулар істей береді, бірақ SMS пен интернетті 24 сағаттан кейін пайдалана аласыз.

Интернетті бірден пайдалану үшін ресей операторының тексеруінен қайта өту керек.

Интернет істемей тұрса, бұл нұсқаулықты қалай пайдаланамын?

Біз бәрін алдын ала ойластырып, сізге арнап жадынама дайындап қойдық. Қажет болғанда оны интернетсіз де пайдалана бересіз.