2025 жылғы 28 сәуірде WEB Super тарифінің атауы мен абонтөлемі жаңарады
26 наурыз 2025Абонтөлемнің өзгеруі жағымды жаңалық емес екенін түсінеміз. Алайда желілерімізді дамыту мен жаңарту, оған қызмет көрсету мен жөндеу шығындарының өсуіне байланысты тарифтің бағасын өзгертуге мәжбүрміз. Тариф құнына инфляция және басқа да сыртқы факторлар әсер етеді.
Бейілдік танытқаныңызға алғыс білдіре отырып, біз тарифіңізді тиімдірек етуге тырысамыз және қызмет сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз. Сондықтан тариф құнының өсуімен қатар құрамындағы интернет-пакет көлемін 25 ГБ-дан 200 ГБ-ға дейін көбейтеміз.
WEB Super тарифінің жаңа атауы WEB болады. Жаңа абонтөлемі ай сайын 5 500 ₸ болады.
Бізді түсінесіз деп үміттеніп, қолайлы тарифті ары қарай пайдалана берсеңіз дейміз.
Altel-ді таңдағаныңызға рахмет!