Логотип: Altel

2025 жылғы 28 сәуірде WEB Pro тарифінің атауы мен абонтөлемі жаңарады

26 наурыз 2025

Абонтөлемнің өзгеруі жағымды жаңалық емес екенін түсінеміз. Алайда желілерімізді дамыту мен жаңарту, оған қызмет көрсету мен жөндеу шығындарының өсуіне байланысты тарифтің бағасын өзгертуге мәжбүрміз. Тариф құнына инфляция және басқа да сыртқы факторлар әсер етеді.

 

Бейілдік танытқаныңызға алғыс білдіре отырып, біз тарифіңізді тиімдірек етуге тырысамыз және қызмет сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз. Сондықтан тариф құнының өсуімен қатар құрамындағы интернет-пакет көлемін 35 ГБ-дан 200 ГБ-ға дейін көбейтеміз.

 

WEB Pro тарифінің жаңа атауы WEB Pro+ болады. Жаңа абонтөлемі ай сайын 6 990 ₸ болады.

 

Бізді түсінесіз деп үміттеніп, қолайлы тарифті ары қарай пайдалана берсеңіз дейміз.


Altel-ді таңдағаныңызға рахмет!