2025 жылғы 28 сәуірде UNLIM тарифінің абонтөлемі жаңарады
26 наурыз 2025Абонтөлемнің өзгеруі жағымды жаңалық емес екенін түсінеміз. Алайда желілерімізді дамыту мен жаңарту, оған қызмет көрсету мен жөндеу шығындарының өсуіне байланысты тарифтің бағасын өзгертуге мәжбүрміз. Тариф құнына инфляция және басқа да сыртқы факторлар әсер етеді.
Бейілдік танытқаныңызға алғыс білдіре отырып, біз тарифіңізді тиімдірек етуге тырысамыз және қызмет сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз. Сондықтан тариф құнының өсуімен қатар интернет-пакетке 500 ГБ орнына шексіз трафик саламыз. Тариф абонтөлемі ай сайынғы 5 990 ₸-ден 8 990 ₸-ге дейін өзгереді.
Бонус ретінде ай сайын бар болғаны 1 ₸ төлеп, Altel роутерін 12 айға жалға алуыңызға болады. Оны рәсімдеу үшін 1-31 сәуір аралығында төмендегі байланыс салондарының біріне жеке куәлігіңізді алып баруыңыз керек. Роутерді жалға алу туралы толығырақ ақпарат: https://altel.kz/new/kk/rent_routers
Роутерді жалға беретін салон мекенжайлары:
- Алматы — Төле би көш., 101
- Астана — Республика даңғ., 5
- Атырау — Сәтпаев көш., 36, 70 пәтер
- Өскемен — Назарбаев даңғ., 50
- Қарағанды — Бұқар жырау даңғ., 49/6
- Шымкент — Уәлиханов көш., 198, Орынбай ақын көш. қиылысы
- Ақтөбе — 8 ш.а., Ағайын Жұбановтар көш., 300 В
- Тараз — Қазыбек би көш., 141, «Олжа» СО
- Орал — Әбілхаир хан даңғ., 159
- Қызылорда — Қазыбек би көш., 12
- Павлодар — Лермонтов көш., 88, Короленко көш. қиылысы
- Петропавл — Назарбаев көш., 124
- Семей — Қабанбай батыр көш., 42
- Қостанай — Чехов көш., 125
- Ақтау — 29 ш.а., 226
- Көкшетау — Назарбаев көш., 86, 89 кіреберіс
- Жезқазган — Сейфуллин көш., 65
- Талдықорган — Тәуелсіздік көш., 50
Бізді түсінесіз деп үміттеніп, қолайлы тарифті ары қарай пайдалана берсеңіз дейміз.
Altel-ді таңдағаныңызға рахмет!