2025 жылғы 28 сәуірде Turbo 200_0619 тарифінің абонтөлемі жаңарады
26 наурыз 2025Абонтөлемнің өзгеруі жағымды жаңалық емес екенін түсінеміз. Алайда желілерімізді дамыту мен жаңарту, оған қызмет көрсету мен жөндеу шығындарының өсуіне байланысты тарифтің бағасын өзгертуге мәжбүрміз. Тариф құнына инфляция және басқа да сыртқы факторлар әсер етеді.
Бейілдік танытқаныңызға алғыс білдіре отырып, біз тарифіңізді тиімдірек етуге тырысамыз және қызмет сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз. Сондықтан тариф құнының өсуімен қатар интернет-пакетке 500 ГБ орнына шексіз трафик саламыз. Тариф абонтөлемі ай сайынғы 6 490 ₸-ден 7 490 ₸-ге дейін өзгереді.
Бізді түсінесіз деп үміттеніп, қолайлы тарифті ары қарай пайдалана берсеңіз дейміз.
Altel-ді таңдағаныңызға рахмет!