Логотип: altel

Техникалық жұмыс жоспарлап отырмыз, ол кезде қызмет көрсетуде ақау байқалуы мүмкін

11 қараша 2026

Қымбатты клиенттер! 

 

12 қараша күні сағат 23:00-де желі мен қосымшаның жұмысын жақсарту үшін техникалық жұмыс жүргізуді бастап, шамамен 13 қараша күні сағат 08:00-де аяқтаймыз. 

 

Ол кезде байланыс, интернет және Altel қосымшасының жұмысында ақау байқалуы мүмкін. Қажетті қызметтер мен тарифтердің төлемін алдын ала төлеп, қосып алуларыңызды сұраймыз. 

 

Интернет жұмысында ақау туындаса, телефоныңызда «Ұшақ режимін» қосып-өшіріп көріңіз немесе роутеріңізді қайта жүктеңіз. 

 

Қолайсыз жағдай туындағаны үшін кешірім сұраймыз, түсіністікпен қарайсыздар деп сенеміз.