Тарифті қайта қосу шарттары өзгереді
10 қараша 20252025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Altel тарифтерінің шарттары өзгереді:
Тарифті қайта қосу
Сізге ыңғайлы болсын деп және икемді қызмет көрсету мақсатында 30 күн ішінде тарифті қайта қосу алғашқы екі ретте тегін болады.
Осы 30 күн ішінде тарифті үшінші рет қайта қосқаннан бастап әр қайта қосқаныңыз үшін 990 теңге ақы шешіледі.
Тариф ауыстыру
Егер 30 күн ішінде тарифіңізді 2 рет ауыстырып, енді «Арнау» тарифіне ауысып жатсаңыз, 990 теңге ақы шешіледі.
Бұл шара жүйеге түсетін жүктемені оңтайландырып, барлық абонентті үздіксіз желі жұмысымен қамтамасыз ету үшін қажет. Түсіністік танытқаныңызға рақмет!