Логотип: altel

Енді Wi-Fi арқылы қоңырау шалумен қатар SMS жіберуге де болады

1 қазан 2026

Біз «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» технологиясын жетілдіріп жатырмыз және жаңа функцияны сынақтан өткізіп болғанымызды қуана хабарлаймыз. 

 

Енді Wi-Fi арқылы қоңырау шалумен қатар SMS  жіберуге де болады. Бұл функцияны роумингте де қолдана бересіз. Ол үшін қосымша ештеңе қосудың да, төлеудің де қажеті жоқ. «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» қызметі қосылып тұрса, бұл функция автоматты түрде істейді. 

 

«Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» қызметін iPhone мен Android құрылғыларында қосу мен өшіру жолы 

 

Смартфон реттеулеріне кіріп, қызметті қосып көріңіз: 

 

Android: Реттеулер → Желі мен интернет / SIM-карталар мен мобильді желілер → SIM-картаны таңдау → Wi-Fi арқылы қоңырау шалу 

 

iPhone:  Реттеулер → Ұялы байланыс → SIM-картаны таңдаңыз → Wi-Fi арқылы қоңырау шалу 

 

Сосын телефоныңыздан *292# пәрменін теріп, ашылған мәзірде қызметті қосыңыз. 

 

Қызметті өшіру де дәл осы жолмен —  реттеулер бөліміндегі ауыстырғыш тетік немесе *292# пәрмені арқылы жасалады.  

 

«Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» — смартфоныңызға кез келген Wi-Fi желісін базалық станция ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін технология. Яғни, кәдімгі мобильді байланыс сияқты Wi-Fi арқылы да қоңырау шалып, қоңырау қабылдай аласыз.