Логотип: Altel

Ресейдегі роуминг: уақытша шектеулер

6 қазан 2025

2025 жылғы 6 қазаннан бастап Ресейге барған кезде роумингтегі интернет пен SMS жергілікті желіге қосылғаннан кейін алғашқы 24 сағат бойы жұмыс істемейді. Бұл — ресейлік мемлекеттік органдар белгілеген жаңа талаптарға байланысты шара. 

 

Бір тәулік өткен соң интернет пен SMS қайтадан жұмыс істейді, бәрі автоматты түрде қалпына келеді.   

 

Шектеулердің қоңырау шалуға қатысы жоқ — әдеттегідей қоңырау шалып, қабылдай аласыз. Сапарға шығар алдында теңгеріміңізді толықтырып, «Базалық минуттар пакеті» немесе «БонВояж» топтамасына кіретін пакет қосулы тұрғанына көз жеткізіңіз. Мұны Altel қосымшасында жасауға болады.