Таяу Шығыстағы клиенттерге қолдау көрсету
2 наурыз 2026Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Иран, Кувейт, БАӘ, Катар, Иордания, Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы роуминг-серіктестеріміздің желісін пайдаланып жүрген барлық клиентімізге тегін байланыс пакеті берілді. Бұл пакетте 7 күнге жарайтын 1 ГБ интернет, қоңырау шалатын 10 минут және 10 SMS бар.
Қалған ресурстарды Altel мобильді қосымшасында немесе *267# пәрмені арқылы тексеруге болады.
Қауіпсіздік шараларын сақтап, ресми қызметтердің нұсқауларын орындаңыз.
Сізге және жақындарыңызға деген қамқор көңілмен, Altel