Роумингтегі техникалық шектеулер
16 тамыз 2026Құрметті клиенттер!
15 тамыздан бастап кейбір Tele2 және Altel абоненттерінде шетелде болған кезде мобильді байланыс пен интернет қызметтерінің ішінара қолжетімсіздігі байқалуы мүмкін.
Уақытша шектеулерге Франкфурт аймағындағы халықаралық магистральдық байланыс желілеріндегі техникалық ақау себеп болды. Біздің техникалық командамыз шетелдік серіктестермен бірлесіп, апаттың салдарын жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.
Біз роуминг жұмысын мүмкіндігінше тезірек толық қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерімізді салудамыз. Жөндеу жұмыстарының аяқталуы мен сервистің толық тұрақтануы туралы қосымша хабарлаймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз.