Логотип: altel

«Жанұя 4», «Жанұя 6» және «Жанұя 8» тарифтеріндегі QINO құрамы өзгереді

5 қазан 2026

2026 жылғы 30 қазаннан бастап «Жанұя 4», «Жанұя 6» және «Жанұя 8» тарифтік жоспарларында қолжетімді QINO онлайн-кинотеатрларының құрамы өзгереді. 

 

Қазір жазылым құрамына 200-ден астам телеарна және 9 онлайн-кинотеатр кіреді: Megogo, START, Wink, Qazaqsha, Tvigle, Plan B, Amediateka, ViJu және OneFC. 

 

30 қазаннан бастап Amediateka осы тарифтердегі QINO құрамына кірмейді. 

 

QINO-ның жаңартылған құрамы: 200-ден астам телеарна және 8 онлайн-кинотеатр — Megogo, START, Wink, Qazaqsha, Tvigle, Plan B, ViJu және OneFC. 

 

«Жанұя 4», «Жанұя 6» және «Жанұя 8» тарифтік жоспарларының басқа талаптары өзгеріссіз қалады. 

 

Түсіністік танытқаныңызға рақмет және жағымды көрілім тілейміз!