Логотип: Altel

2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап абонтөлем мен тариф қызметтерінің көлемі өзгереді

24 қараша 2025

Құрметті клиенттер!  

 

Компания тарифтік жоспарлар бағасын өзгертеді. Желілерімізді дамыту, жаңарту мен қызмет көрсету шығындарының өсуіне, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты бағаны өзгертуге мәжбүрміз.  

 

Абонтөлемнің өзгеруі байланыс сапасын жақсарту мен қызмет тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Сондай-ақ кейбір тарифтік жоспарларда қосымша ресурстар мен QINO қызметін ұсынамыз. QINO қызметі арқылы 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін 80 арна мен Megogo, PlanB мен Tvigle онлайн-кинотеатрларына тегін қосылуға болады.  

 

Altel желісі Қазақстандағы елді мекендердің 96%-ын қамтып, клиенттерді тұрақты байланыспен қамтамасыз етеді. Біз инфрақұрылымды дамыту мен технология сапасын жақсарту мақсатында инвестиция салуды жалғастыра береміз. 

 

Бізге деген сеніміңізді жоғары бағалай отырып, тарифтік жоспарлар құрамын бұрынғыдан да тиімді ету мен көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға барымызды саламыз. 

 

Бірге болғаныңызға рақмет! 

 

Тарифіңізге қатысты өзгерістер жайлы толық ақпаратты SMS арқылы жібереміз. 

 

Сұрағыңыз болса, бізге жазыңыз:

 

WhatsApp WhatsApp    Telegram Telegram