Логотип: Altel

Мобильді құрылғыларды тіркеудің жаңа қағидасы: IMEI-кодыңызды 25 маусымға дейін тексеріңіз

26 мамыр 2025

Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеудің жаңа қағидасы қолданысқа енді. Оның мақсаты — пайдаланушыларды елге заңсыз кіргізілген, ұрланған немесе қалпына келтірілген телефондардың сұр нарығынан қорғау. 

 

Енді SIM-картасы бар барлық гаджет — смартфон, планшет, модем — мемлекеттік IMEI-кодтар базасында сәйкестендірілуге тиіс. IMEI-код дегеніміз — құрылғының бірегей нөмірі, оны *#06# пәрмені арқылы білуге болады. Егер техника жаңа болса, онда IMEI-кодты құрылғы қорабынан немесе корпусынан таба аласыз. 

 

kz-imei.kz сайтында IMEI-кодтың күйін тексеріп, оны сәйкестендіре аласыз. Екі SIM-картасы бар телефонда екі IMEI-кодты да тексеріп, сәйкестендіру керек. 

 

Егер 2025 жылғы 25 мамырға дейін ұялы байланысты қолдансаңыз, онда сіздің IMEI-кодыңыз сәйкестендіруден өткен және базада ол туралы дерек бар. Егер смартфонды 2025 жылғы 25 мамырдан кейін сатып алсаңыз және оны әлі сәйкестендірмесеңіз, онда 2025 жылғы 25 маусымға дейін kz-imei.kz сайтында мұны тегін жасай аласыз. 25 маусымнан кейін шарттар өзгеруі мүмкін, сондықтан мұны кейінге қалдырмаған жөн. 

 

Барлық құрылғы үш тізімнің біріне кіреді: 

  • Ақ тізім — құрылғы тіркелген, бәрі дұрыс.  
  • Сұр тізім — құрылғыны SIM-картаны қосқаннан кейін 30 күн ішінде тіркеу керек. Егер үлгермей қалсаңыз, байланыс бұғатталады. 
  • Қара тізім — ұрланған немесе жалған құрылғылар. Олар бірден бұғатталады. Сонымен бірге егер «сұр» тізімдегі құрылғылар уақытылы тіркелмесе, осы тізімге енеді. 

 

Байланысқа алаңдамау үшін сенімді құрылғыларды таңдаңыз. Altel онлайн-дүкеніне кіріп көріңіз, біз тек ресми жеткізушілерден алынған қауіпсіз смартфондарды сатамыз.