Логотип: Altel

2025 жылғы 28 сәуірде «Бірге Мұрағаттық» тарифінің абонтөлемі жаңарады

26 наурыз 2025

Абонтөлемнің өзгеруі жағымды жаңалық емес екенін түсінеміз. Алайда желілерімізді дамыту мен жаңарту, оған қызмет көрсету мен жөндеу шығындарының өсуіне байланысты тарифтің бағасын өзгертуге мәжбүрміз. Тариф құнына инфляция және басқа да сыртқы факторлар әсер етеді. 

 

Бейілдік танытқаныңызға алғыс білдіре отырып, біз тарифіңізді тиімдірек етуге тырысамыз және қызмет сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз. Сондықтан тариф құнының өсуімен қатар интернет-пакетке 1 000 ГБ орнына шексіз трафик саламыз. 

 

Тариф абонтөлемі ай сайынғы 5 990 ₸-ден 7 990 ₸-ге дейін өзгереді. Сонымен қатар бонус ретінде сіз QINO қызметін қосып, түрлі жанрдағы 200+ телеарнаны тегін қарай аласыз. 

 

Сонымен бірге 2025 жылғы 28 шілдеден бастап тарифке тәулігіне 350 ₸ тұратын, құрамында 5 ГБ интернеті бар күнделікті пакетті де қостық. Бұл пакет негізгі тарифтің ақысы төленбеген жағдайда іске қосылады. 

 

Бізді түсінесіз деп үміттеніп, қолайлы тарифті ары қарай пайдалана берсеңіз дейміз. 

 

Altel-ді таңдағаныңызға рахмет!