Логотип: Altel

Талдықорған, Текелі және Қарабұлақта 3G желісі өшіріледі

23 қыркүйек 2025

2025 жылғы 7 қазаннан бастап 3G желісі Талдықорған мен Текелі қалаларында және Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында жұмыс істемейді.

 

Біз жаңа буын желілерін жақсартқымыз келеді. 3G желісін өшіру арқылы 4G желінің сапасын жақсартып, қоңырауларды — анығырақ, байланыс сигналын — тұрақтырақ, интернетті жылдамырақ етуді көздейміз.

 

Құрылғыңызда немесе SIM-картаңызда 4G желі істемейтін болса

 

Онда интернетті бұдан ары пайдалана алмай қаласыз. Сол себепті құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G желі істейтінін алдын ала тексеріп алыңыз. Мұны *187# пәрмені арқылы жасауға болады.

 

SIM-картаны Altel байланыс салондарында тегін ауыстыруға болады, ол үшін жеке куәлігіңізді әкелсеңіз болғаны.

 

4G ұстайтын смартфонды Altel байланыс салондарынан сатып алуға болады: Xiaomi Redmi A5 3+64 — 35 990 ₸.

 

Егер жылдам үй интернеті қажет болса, жаңа 5G роутер алыңыз, ол науқан аясында 64 990 ₸ орнына 37 990 ₸ тұрады. Науқан мерзімі шектеулі.

 

Абай болыңыз: SIM-картаны ауыстырған кезде Altel қызметкерлері телефон арқылы қысқа растау кодын сұрамайды. Құпиясөз бен кодтарды ешкімге айтпаңыз.

 

Құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G істесе де, интернет жұмыс істемей тұрса

 

Онда желі режимін өзгерту керек:

  • iOS (iPhone): Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрі → Дауыс пен деректер → LTE.
  • Android: смартфоныңызға арналған нұсқаулықты оқу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.