Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарының кейбір қалаларында 3G желісі өшіріледі
22 қазан 20252025 жылғы 5 қарашадан бастап 3G желісі Қазақстандағы бірнеше қалада жұмыс істемейді.
Жамбыл облысы — Қаратау мен Жаңатас
Қарағанды облысы — Абай, Саран және Шахтинск
Түркістан облысы — Жетісай
Біз жаңа буын желілерін жақсартқымыз келеді. 3G желісін өшіру арқылы 4G желінің сапасын жақсартып, қоңырауларды — анығырақ, байланыс сигналын — тұрақтырақ, интернетті жылдамырақ етуді көздейміз.
Құрылғыңызда немесе SIM-картаңызда 4G желі істемейтін болса
Онда интернетті бұдан ары пайдалана алмай қаласыз. Сол себепті құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G желі істейтінін алдын ала тексеріп алыңыз. Мұны *187# пәрмені арқылы жасауға болады.
SIM-картаны Altel байланыс салондарында тегін ауыстыруға болады, ол үшін жеке куәлігіңізді әкелсеңіз болғаны.
4G ұстайтын смартфонды Altel байланыс салондарынан сатып алуға болады: Galaxy A07 4/64GB — 64 990 ₸, Xiaomi Redmi A3x 3/64GB — 34 990 ₸.
Егер жылдам үй интернеті қажет болса, жаңа 5G-роутерді науқан аясында 64 990 ₸ орнына 37 990 ₸-ге сатып алыңыз. Акция мерзімі шектеулі.
Абай болыңыз: SIM-картаны ауыстырған кезде Altel қызметкерлері телефон арқылы қысқа растау кодын сұрамайды. Құпиясөз бен кодтарды ешкімге айтпаңыз.
Құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G істесе де, интернет жұмыс істемей тұрса
Онда желі режимін өзгерту керек:
- iOS (iPhone): Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрі → Дауыс пен деректер → LTE.
- Android: смартфоныңызға арналған нұсқаулықты оқу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.