Жетісу, Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы кейбір елді мекендерде 3G желісі өшіріледі
23 қыркүйек 20252025 жылғы 21 қазаннан бастап 3G желісі Жетісу, Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы кейбір елді мекендерде жұмыс істемейді.
3G өшірілетін аймақтар
Жетісу облысы: Жаркент пен Үшарал қалалары, Ават, Алтыүй, Атамекен (Пиджим), Әулиеағаш, Көктал, Кіші Шыған, Сұптай, Талды (Лесновка), Үлкен Шыған, Хоргос ауылдары
Маңғыстау облысы: Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауылы
Павлодар облысы: Ақсу мен Екібастұз қалалары
Біз жаңа буын желілерін жақсартқымыз келеді. 3G желісін өшіру арқылы 4G желінің сапасын жақсартып, қоңырауларды — анығырақ, байланыс сигналын — тұрақтырақ, интернетті жылдамырақ етуді көздейміз.
Құрылғыңызда немесе SIM-картаңызда 4G желі істемейтін болса
Онда интернетті бұдан ары пайдалана алмай қаласыз. Сол себепті құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G желі істейтінін алдын ала тексеріп алыңыз. Мұны *187# пәрмені арқылы жасауға болады.
SIM-картаны Altel байланыс салондарында тегін ауыстыруға болады, ол үшін жеке куәлігіңізді әкелсеңіз болғаны.
4G ұстайтын смартфонды Altel байланыс салондарынан сатып алуға болады: Xiaomi Redmi A5 3+64 — 35 990 ₸.
Егер жылдам үй интернеті қажет болса, жаңа 5G роутер алыңыз, ол науқан аясында 64 990 ₸ орнына 37 990 ₸ тұрады. Науқан мерзімі шектеулі.
Абай болыңыз: SIM-картаны ауыстырған кезде Altel қызметкерлері телефон арқылы қысқа растау кодын сұрамайды. Құпиясөз бен кодтарды ешкімге айтпаңыз.
Құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G істесе де, интернет жұмыс істемей тұрса
Онда желі режимін өзгерту керек:
- iOS (iPhone): Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрі → Дауыс пен деректер → LTE.
- Android: смартфоныңызға арналған нұсқаулықты оқу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.