2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап «Күнделікті пакет» бағасы өзгереді
15 желтоқсан 2025Құрметті клиенттер!
Компания кейбір тарифтердегі «Күнделікті пакет» бағасын өзгертеді. Желілерімізді дамыту, жаңарту мен қызмет көрсету шығындарының өсуіне, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты бағаны өзгертуге мәжбүрміз.
Абонтөлемнің өзгеруі байланыс сапасын жақсарту мен қызмет тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.
|
Тариф |
«Күнделікті пакет» бағасы |
|
|
қазір |
2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап |
|
|
Promo Smart |
300 |
390 |
|
Супер SMART Pro |
350 |
390 |
|
Expert Pro |
||
|
SMART edition + |
400 |
450 |
|
EXPERT PLUS |
||
Негізгі тариф төленбеген жағдайда «Күнделікті пакет» автоматты түрде қосылады. Бұл сізге үнемі байланыста болуға көмектеседі.
Пакетті *258*1# пәрменін теріп, өшіре аласыз.