2025 жылғы 28 сәуірде «Барлығы біреуінде» тарифінің абонтөлемі жаңарады
26 наурыз 2025Абонтөлемнің өзгеруі жағымды жаңалық емес екенін түсінеміз. Алайда желілерімізді дамыту мен жаңарту, оған қызмет көрсету мен жөндеу шығындарының өсуіне байланысты тарифтің бағасын өзгертуге мәжбүрміз. Тариф құнына инфляция және басқа да сыртқы факторлар әсер етеді.
Бейілдік танытқаныңызға алғыс білдіре отырып, біз тарифіңізді тиімдірек етуге тырысамыз және қызмет сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз. Сондықтан тариф құнының өсуімен қатар қосымша SIM-карталардағы интернет-пакет көлемін 500 ГБ-ға дейін көбейтеміз. Тариф абонтөлемі ай сайынғы 6 990 ₸-ден 7 990 ₸-ге дейін өзгереді.
2025 жылғы 11 қыркүйектен бастап біз күнделікті пакет қосуды жоспарлап отырмыз — 5 ГБ 350 ₸/тәу. Негізгі тариф төленбеген жағдайда қосылады.
Бізді түсінесіз деп үміттеніп, қолайлы тарифті ары қарай пайдалана берсеңіз дейміз.
Altel-ді таңдағаныңызға рахмет!