Логотип: Altel

Гүл — нәзік күш пен асқақ шабыт символы

Altel-дің 8 наурыз мерекесіне орай әзірлеген жобасы туралы айтып берейік
Tele2: Изображение баннера

Әйел — ерекше, гүлдей әдемі, нәзік күшке ие жаратылыс

Қазақстанда «гүл» сөзімен байланысты әйел есімдері өте көп. Шабыт сыйлайтын біртуар әйелдер де баршылық.

Адамның есімі сияқты, әр гүл атауының да өз мағынасы бар: гербера — батылдық, калла — тектілік, маттиола — жаңашылдық, раушан — сезімталдық белгісі.

Біз осы символдарды біріктіріп, сұлулығы мен ерік-жігеріне тәнті болатын Қазақстан әйелдері туралы ерекше жоба әзірледік

Tele2: Изображение баннера

Қазақстанның көрнекті әйелдері туралы хикаялар

Біз есімі «гүл» сөзімен байланысты көрнекті әйелдер туралы баяндадық. Олар — еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан, мақтан тұтар өткен буынның біртуар тұлғалары мен біздің замандастарымыз.
Tele2: Изображение баннера

Мәні бар гүл шоқтары

Талантты әрі мықты әйелдердің хикаясынан шабыт ала отырып, Қазақстан әйелдерін құттықтау үшін гүл шоқтарын дайындадық.

Флористтермен бірге өзіңіз тәнті болатын жандарға сыйлайтын мәні бар гүл шоқтарын жасадық.

Әр гүл шоғының өзіндік айтар ойы бар: бірі батылдықты білдірсе, екіншісі — сезімталдық белгісі, ал енді бірі ерекше күй сыйлайды

Tele2: Изображение баннера

Altel-мен бірге жақындарыңызға сезіміңізді білдіріңіз

Әр гүл шоғының қасына жоба парақшасына кіретін QR-код көрсетілген ашықхат қостық. Осы парақшаға кіріп, гүл шоғының мәні мен оны жасауға шабыт сыйлаған әйел туралы білуге болады.

Бұған қоса QR-код бойынша кіргенде Altel ұсынған бонус бар: жақындарыңызбен байланыста болып, тек мерекеде ғана емес, күн сайын жылы лебізіңізді білдіріп тұру үшін 8 ГБ береміз

Tele2: Изображение баннера