Loading FillerLoading Filler

2024 жылғы 1 тамыздан бастап кейбір тарифтің абонтөлемі мен қызмет көлемі өзгермек

1 шілде 2024, 1 минут

Құрметті клиенттер! 

 

Желілерімізді дамыту және жаңарту, оған қызмет көрсету мен жөндеу шығындарының өсуіне, сондай-ақ инфляция мен басқа да сыртқы факторларға байланыстыкейбір тарифтердің бағасын өзгертуге мәжбүрміз. Абонентөлем бағасын қайта қарастырудың арқасында біз бұрынғыдан да озық қызмет түрін ұсынып, оның сапасын арттырып, тұрақтылығын қамтамасыз ете аламыз. 
 
Бұл сіздің қаражатыңызға әсер етуі мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан өтемақы ретінде қосымша ресурс пен қызмет ұсынамыз. 
 

Altel желісі Қазақстанның барлық елді мекенінің 96%-ын қамтиды. Бұл біздің клиенттерімізге әрдайым байланыста болуға ғана емес, сонымен қатар 4G-дің көптеген мүмкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдай жасайды. Біз VoLTE және 5G технологияларын бірінші болып енгіздік, бұнымен шектелмей, клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында инфрақұрылымымызды және технологиялар сапасын жақсартуды жалғастыратын боламыз. 

 

Бейілділік көрсетіп, түсіністік танытатыныңыз үшін алғысымыз шексіз. Ал біз тариф толтырылымын тиімдірек етіп, қызмет сапасын арттыруды жалғастырамыз. 

 

Өзгеріс мына тарифтерде болады: 

«Персоналдық_0220», « Персоналдық _0619», «Персоналдық_1120 speedbased», «Персоналдық», Expert plus, Promo smart, «Супер smart pro», «Супер smart+», Smart edition+, «Нағыз экстра+», «Оңтайлы 2590», «Супер smart_5000», «Турбо форсаж» және «Турбо форсаж+».