Нөмірді таңдау Төлеу Бизнеске Жеке кабинет RU

Роуминг

Роумингті қосуды ұмытпа, *120*1# тер

Для проверки поддерживает Ваша сим-карта расширенный роуминг, пожалуйста, введите Ваш номер телефона:
Успешно: Ваша сим-карта поддерживает расширенный роуминг.
Неуспешно: Ваша сим- карта не поддерживает расширенный роуминг. Для того, чтобы воспользоваться функцией расширенного роуминга, пожалуйста замените сим-карту в любом официальном Центре обслуживания ALTEL.
Абонент с данным номером не найден.
Көрсетілу шарттары

Қызметті бірінші рет қосу үшін төмендегілер қажет:

  • Жеке тұлғалар үшін — ALTEL Сату және қызмет көрсету орталығына хабарласу және белгіленген үлгіде өтініш толтыру. Өзімен бірге жеке куәлік болу қажет;
  • Заңды тұлғалар үшін — ұйымның фирмалық бланкісінде уәкілетті тұлғаның қолымен және ұйым мөрімен хат ұсыну.
  • Сонымен қатар алдын ала төлем жүйесіндегі абоненттер 120 нөміріне «1» мәтінімен тегін SMS жіберіп роумингті қоса алады. Хабарламаны жіберген соң роуминг автоматты түрде қосылады. Қызметті қосу үшін *120*1# теруге де болады, қызметті өшіру
  • Роуминг қызметін 120 нөміріне «2» мәтінімен SMS жіберіп, кез келген уақытта өшіруге болады, роуминг автоматты түрде өшіріледі.
  • Шотыңызда 3000 теңгеден артық сома болған жағдайда қоңырау шалып және қоңырауларды қабылдай аласыз. Теңгерімде 3000 теңгеден кем сома болған жағдайда қызмет көрсетілмейді.
МАҢЫЗДЫ!
  • Роумингте бақыланбайтын және үлкен көлемде GPRS пайдалану көп шығынға әкеліп соғуы мүмкін. Телефон баптауларында GPRS тексеруді ұмытып кетпеңіз. Барлық жаңа смартфондар интернет арқылы тұрақты жаңартуды қолдайды. Қажеттілік болса, өтінеміз, осы жаңартуларды сөндіріңіз.
  • Шекаралас аумақта (мемлекеттік шекара жанында) болған жағдайда Роуминг қызметін рұқсатсыз активтендіруді болдырмау үшін, Компания абоненттік құрылғының баптауларында ұялы байланыс операторын қолмен орнатуды ұсынады. Кері жағдайда, Сіздің абоненттік құрылғыңыз шетелдік ұялы байланыс операторының желісінде болу мүмкін, бірақ абонентте халықаралық роуминг қызметі қосылып тұру шартымен. Шекаралас аудандарда болғанда роуминг қызметін пайдаланбасаңыз *120*2# пәрменін пайдалана отырып роуминг қызметні өшіруге болады. Қызметті сөндіріп, қайта қосу үшін *120*1# пәрменін теру қажет. Қызметті қосу және өшіру тегін.
  • Онлайн роуминг кез келген оң теңгерімде қолжетімді.
Рахмет!
Роумингте болғанда

Роумингте теру ережелері

Altel-ге +7 700 ХХХ ХХ ХХ, +7 708 ХХХ ХХ ХХ,
Қазақстанның қалалық телефондарына: +7 [қалалық код][телефон нөмірі]
Басқа елдер немесе сапарға шыққан елдердің қалалық нөмірлеріне: +[елдің коды][қалалық код][телефон нөмірі]
Кез келген басқа операторлардың ұялы телефондарына: +[елдің коды][оператор коды][телефон нөмірі]
Роумингте теңгерімді қалай толтыруға болады?
  • Роумингте теңгерімді жеке кабинет арқылы толтыруға болады
  • Сонымен қатар, жылдам төлем карталарын пайдалана аласыз, оларды алдын ала сатып алуыңыз қажет
  • Интернет-банкинг сервистері арқылы банк карталарыңыздың көмегімен
Оператор желісінде қалай тіркелуне/операторды ауыстыруға болады?
  • Басқа елге келгенде, мобильді телефоныңызды қайта жүктеңіз (сөндіріңіз, содан кейін телефонды қосыңыз), ол автоматты түрде қол жетімді желіні таңдайды.
  • Егер телефоныңыз автоматты түрде операторды таңдамаса немесе Сіз басқа операторды өз бетінше таңдағыңыз келсе, Сіз мобильді телефон мәзірінде «Желілер» қызметі арқылы қолмен таңдауыңыз қажет. Операторды ауыстыру туралы толық ақпаратты қолмен таңдау мобильді телефоныңыздың нұсқаулығында берілген.
  • Телефоныңыздың баптауларында 2G стандартының немесе (2G+3G/UMTS) желілерінің қосарланған стандартының желі түрін таңдауды ұсынамыз, одан әрі алдын ала оператор желісін автоматты таңдауын сөндіре отырып, телефонды қайта жүктеңіз (телефонды сөндіріңіз) және роуминг-серіктестің желісін қолмен таңдаңыз. Телефон баптауларында қосарланған стандарты желісінің болуы роумингте толыққанды және үздіксіз пайдалануға мүмкіндік береді.
Кетер алдында не істеу керек?
  1. Сіз баратын елде роуминг қызметі көрсетілетінін анықтаңыз
  2. Сіз баруға жоспарлаған ел роумингтің қандай тарифтік аумағына жататынын анықтаңыз
  3. Баруға жоспарлаған елде осы бағыт ашық па және қандай сервистер қол жетімді екенін анықтау керек
  4. Роуминг қызметін қосыңыз
  5. Шетелге шықпай тұрып роумингтегі тарифтермен танысыңыз! (бұл ақпаратты Call-Center операторларынан анықтай аласыз).
Тарифтер

Например: Узбекистан

Роумингтің қолжетімді бағыттарыҚашықта болсаңызда, біз жақынбыз

Тіпті шетелде бола отырып, Сіз роуминг арқылы келесі байланыс деректері бойынша сұрақ қоя аласыз

  1. Call center +7 727 259 8 777
  2. «Кері байланыс» нысаны

Өз нөміріңді мобильді қосымшадан онлайн тәртіптемесінде басқар!

  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;
OS Android базасындағы құрылғылар үшін:

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ