Нөмірді таңдау Төлеу Бизнеске Жеке кабинет RU
ГлавнаяО компании

Компания туралы

2010 жылы «ALTEL» республикада алғаш рет 3G интернетін енгізді, ал 2012 жылы ALTEL 4G сауда белгісімен Қазақстанда LTE технологиясын алғаш рет коммерциялық пайдалануға енгізді. 

2014 жылдың 15 мамырында «ALTEL» компаниясы инновациялық LTE/GSM/UMTS желісін енгізгені туралы хабарлады. Ол смартфонда LTE технологиясы бойынша жоғары жылдамдықта деректерді жіберу қызметін пайдалануға мүмкіндік береді, қоңыраулар автоматты түрде GSM/UMTS желісіне беріледі.

Қазақстандағы алғашқы 4G/3G/2G технологиясын біруақытта қолдайтын конвергенттік желі 11 млн. адамға жуық тұрғындары бар ҚР 550 елді мекендерінде құрылған, бұл еліміздегі тұрғындардың 65% құрайды.

Озық технологиялар мен жабдықтармен негізделген, мультитехнологиялық желі бірқатар инновациялық функциялар мен қосымшаларды пайдалануға мүмкіндік береді. ALTEL-дің GSM/UMTS желісінің барлық қамту аймағында абоненттерге «HD-voice» технологиясы қолжетімді. Құрылған желі техникалық көзқарас жағынан VoLTE технологиясы бойынша LTE технологиясынан тыс дауысты қызметтерді көрсетуге әзірленген және келесі қадам - 4-ші буындағы - LTE Advanced желісін дамытуды жүзеге асыру болып табылады.

«ALTEL» деректерді жіберу желісі «Қазақтелеком» АҚ оптикалық транспорттық желісіне негізделген, желінің сыйымдылығы мен деректерді жіберудің жылдамдығы бойынша айтарлықтай басымдылығы бар ІР технологияларда құрылған тірек желілерін пайдаланған.

ALTEL компаниясы «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» ұлттық конкурсы аясында «Қазақстандағы 2015 жылғы № 1 Телекоммуникациялық серпіліс» номинациясында жеңімпаз атанды.

2016 жылдың наурыз айында ALTEL өз бизнесін Теле2 Қазақстанмен біріктіре отырып  абоненттік базаны 6,4 млн. адамға жеткізді, базалық станциялардың санын 7 мыңға дейін ұлғайтты және осылайша бүкіл Қазақстан бойынша 4G желісінің аса кең қамту ауқымын ұсынды.

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернет қызметі шамамен халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680 елді мекенге тарайды және ел аумағының 65%-дан артық бөлігін қамтиды.

Өз нөміріңді мобильді қосымшадан онлайн тәртіптемесінде басқар!

  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;
OS Android базасындағы құрылғылар үшін:

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ